USD
USD
USD

17 тамыздан кейін де жабық болатын нысан қызметкерлеріне 42500 теңге беріле ме?

17 тамыздан кейін қызметіне рұқсат берілмейтін нысан қызметкерлеріне өтеамқы төлеу ұсынысы енгізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Элдар Жұмағазиев айтты.

17 тамыздан кейін де жабық болатын нысан қызметкерлеріне 42500 теңге беріле ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Брифингіде: «17 тамыздан бастап жұмысын бастамайтын кәсіркерлерге 42 500 теңгеден төлене ме?», - деген сұрақ қойылды.

«Жұмыстарын бастауға рұқсат берілмеген қызмет түрлері де бар.Оларға қатысты ұсыныстарымызды дайындап жатырмыз. Мысалы, сапаржайда 74 адам жұмыссыз отыруға мәжбүр. Бұл, бюджет мүмкіндігіне қатысты сұрақ деуге болады. Пандемия кезінде біз өтемақы төлеу туралы бастама көтердік. Бірінші айда өтемақы төленді, одан кейін карантин уақыты тағы созылды. Енді, осы мәселеге қатысты ҚР Экономика министрлігімен бірігіп ұсыныс әзірлейміз», - деді Элдар Жұмағазиев. Оның айтуынша, 17 тамыздан кейін қызметіне шектеу қойылған бизнес нысандарының қатары азаяды.

«Сауда орталықтары мен үлкен базарларға қатысты тәуекел көп. Ол жерде сақтық шаралары қалай сақталады, оны қалай реттеу керек - бұл жағы үлкен сұрақ. Жұмысы тоқтап тұрған кәсіпкерлерге өтемақы берілуін қолдаймыз. Қазіргі уақытта салық төлеуді, несие төлеуді шегеруге қатысты сұрақтарды қарастырып жатырмыз», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай