USD
USD
USD

17 тамыздан бастап қандай нысандар жұмысын бастайды?

17 тамыздан бастап Қазақстан балабақшаларында кезекші топтар жұмыс істей бастайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты.

17 тамыздан бастап қандай нысандар жұмысын бастайды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Осы уақытқа дейін қызметіне тыйым салынбаған нысандар дүйсенбіден әрі жұмысын жалғастыра береді. Осы нысандардан бөлек, сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы қайта жанданады. Егер бұған дейін сауда орталықтарында дәріханалар мен азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істесе, дүйсенбіден бастап сауда орталықтарында бутиктерде де жұмыс істей алады», - дейді Айжан Есмағамбетова.

Сондай-ақ, сауда желілері мен ашық базарлар жұмыс істей бастайды.

«Сонымен қатар, сұлулық салондарының, сұлулық орталықтарының, шаштараздардың, SPA-орталықтарының жұмысына рұқсат етіледі. Бұл нысандардың барлығына қатаң талаптар қойылады. Бизнес нысандары осы талаптарға сай болуы керек. Талаптар ең алдымен, карантинді жеңілдетудің алғашқы кезеңдерінде нысанда адамдардың көп жиналмауына, әлеуметтік қашықтықтың қамтамасыз етілуіне бағытталған», - дейді ол.

Ересектер мен балаларға арналған білім беру орталықтары да ашылатынын айта кету керек.

«Сонымен бірге, біз осы орталықтардың қызметін шектейміз, яғни бір топта 5 адамнан аспауы керек. Ал сабақтар алдын ала жазылу, күшейтілген дезинфекция және әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы жүргізілуі керек. Мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына да рұқсат етіледі, бірінші кезеңде олар кезекші топтар түрінде жұмыс істейді. Әр жасқа 15 баладан аспайтын кезекші топтар құрылады», - деді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

Ақорда

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Хан шатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Ақорда

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Халық банк