USD
USD
USD

1,7 млрд теңге жымқырған ректор сотталды

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков сотталды.

1,7 млрд теңге жымқырған ректор сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. №2 Бостандық аудандық соты университеттің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков пен бұрынғы есепші Жанайым Спабекованы бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Судья сотталушылардың әрқайсысын 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, екеуінің де мүлкі тәркіленетін болды.

Мемлекеттік айыптаушы ректор мен бұрынғы есепшісі Жанайым Спабекованы 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Айта кетейік, оқу орнының бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков былтыр маусым айында қамалған. Сотталушы Д. Шыныбеков пен Ж.Спабековаға Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-бөлімі 4- тармағымен 1,7 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды.

Бас есепші Жанайым Спабекова 2013-2018 жылдар аралығында 414 млн 790 мың теңгені жымқырғанын мойындады.

2017 жылы 128,2 млн теңге алған. Оның айтуынша, бұл ақшаға Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданынан бір пәтер сатып алған.

Алматыда «Арай» тұрғын үйінен паркингі бар 3 пәтер және Nissan Qashqai, Toyota Hilux көліктерін сатып алған.

Қостанай облысында «Айгүл балабақшасы» ЖШС, «Торғай көпсалалы колледжi», «Торғай жылыжайы» және «Аралбай қағазы» компанияларын сатып алған. Қостанай облысы Торғай ауылында 3 үй, 1 жер учаскесін алған. Компаниялар мен жылжымайтын мүліктер бауыры мен баласының атына жазылған.

Бірақ екеуі де бұл дүние-мүлік қандай ақшаға келгенін айта алмады.

Университет басшылығына Дамир Шыныбеков 2009 жылы келген. 2017 жылы ол Алматы қалалық мәслихат депутаты болып тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері