USD
USD
USD

17 миллион теңгені иемденген екі банк қызметкері ұсталды

Қарағандыда алаяқтық жолмен 17 миллион теңгені иемденген екі банк қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

17 миллион теңгені иемденген екі банк қызметкері ұсталды
Фото: NEGE.kz

Қарағанды, NEGE.   Облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері банктердің бірінің 27 жастағы менеджерін ұстады. Ер адамның үш интернет-алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды. Алдау және сенімге кіру жолымен, қызмет бабын пайдаланып, азаматтардың дербес деректеріне қол жеткізе отырып, өзі жұмыс істейтін банкте және шағын қаржы ұйымдарда несие рәсімдеген. Жәбірленушілерге келтірілген залалдың жалпы сомасы төрт миллион 770 мың теңге.

Сондай-ақ, полиция 31 жастағы тағы бір ер адамның заңсыз әрекеттерін анықтады. Ол қылмыстық схемасын клиенттерге мерзімі өткен несиелер бойынша көмек көрсету сылтауымен жүзеге асырған.

"Қазіргі уақытта үшінші тұлғаға несие беру бойынша он екі факт анықталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 12 миллион теңге. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді ДП басшысының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер