USD
USD
USD

17 қыркүйектен бастап әуе қатынасы қалпына келе ме?

Қырғызстан мен Қазақстан арасында әуе қатынасын тұрақты қалпына келтіру мәселесі шешілді. Бұл жөнінде 10 қыркүйекте Қырғызстанның азаматтық авиация агенттігінің директоры Курманбек Акышев мәлімдеді.

17 қыркүйектен бастап әуе қатынасы қалпына келе ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның сөзінше, 17 қыркүйектен бастап Қазақстанға рейс қатынай бастайды. «Біз әзірге «Нұр-Сұлтан-Алматы-Бішкек» бағыты бойынша аптасына екі рейс ұшырамыз. Болашақта саны көбейе береді. Өзбекстанмен де келіссөз жүргізілді. Бұл елмен әуе қатынасы 15 қыркүйектен бастап қалпына келеді»,  –  деді Акышев.

Ол Ресеймен әуе байланысын қалпына келтіру мәселесі әлі шешілмегенін айтты. Осыған дейін «Ташкент-Бішкек-Ташкент» бағытында рейсті «Узбекистон хаво йуллари» компаниясы аптасына бір рет жүргізетіні айтылған. 10 қыркүйектен бастап Jazeera Airways компаниясы «Бішкек - Әл-Кувейт» бағытында рейс ұшыра бастайды.

Тамыз айынан бастап Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктері бірінші болып Қырғызстанмен әуе байланысын қалпына келтірді. Наурыз айынан бері COVID-19 вирусы анықталғаннан бастап Қырғызстан барлық елдермен әуе қатынасын уақытша тоқтатқан. Тек шетелдегі азаматтарын елге әкелу үшін чартерлік рейстер қатынады.

Қазір оқып жатыр

«Алтыншы күн қатарынан комада жатыр»: Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады

Баум тоғайында құлаған ағаш

Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін

Ресейге бензин жеткізу

«Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған»: Шымкентте блогер ұсталды

Шымкенттегі блогер

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке үкім шықты

Қамшыбек Ташиев