USD
USD
USD

17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 17 қыркүйекке арналған Қазақстандағы синоптикалық жағдай мен қолайсыз ауа райы құбылыстарының болжамымен бөлісті.

17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Синоптиктердің болжамынша, республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жаңбыр мен қар аралас түрінде жауын-шашын болады деп күтіледі. Республикамыздың оңтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында екпінді жел тұрады, ал батыс, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс, орталық өңірлерде тұман түседі деп болжанады"-делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік жартысында өрт қаупі жоғары болады.

Ақмола облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді деп болжанады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты