USD
USD
USD

175 тонна пішен өртенді

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында 175 тоннатпішен өртенді. 

175 тонна пішен өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Тарбағатай ауданында құтқарушылар өртенген шөпті сөндірді.

«Өрт түнде Екпін ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде шыққан. Тілсіз жау 175 тонна пішенді шарпыды. Отты ауыздықтауға жеке құрамнан 8 адам, 3 өрт сөндіру көлігі мен шаруа қожалығынан 1 трактор жұмылдырылған. Бүгін сағат 7.52-де өрт оқшауланды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жүр. Өрттің қайдан, қалай шыққаны анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе