Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

173 мың құсқа вакцина салынды

Ақмола облысында құс тұмауының тіркелуіне байланысты күшейтілген режимде алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр.

173 мың құсқа вакцина салынды
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, қыркүйектің 24- нен бастап облыстың елді-мекендерінде вакцина салу жұмыстары қолға алынған. Бүгінгі таңда 173,9 мың үй құсына екпе салынды. Өзіміздегі бар вакцина есебінен ірі құс фабрикаларындағы 1462 мың құсқа екпе салынды. Бұлардың қатарында «Капитал Прожект» ЖШС, «Астана Құс» ЖШС, «Ижевск» ӨК, «Бурабай Агро Инвест» ЖШС бар. Бірер күнде тағы екі құс фабрикасына вакцина жеткізілетіні күтілуде. Басқарма басшысы Базарбай Бұлашевтің айтуынша, індетке мониторинг бойынша шаралар күнделікті бақылауда.

«Құс тұмауының таралуына жол бермеу мақсатында үй құстарының жабай құстармен байланысын болдырмау үшін өңір тұрғындары мен құс шаруашылықтарының басшыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ветеринарлық қызметкерлер күн сайын құс шаруашылығы фермаларына барып, құстарды тексеруде. Сонымен бірге, жабайы құстар жиналатын су қоймаларында бақылау жүргізілуде», - дейді Б.Бұлашев. Зерттеу нәтижесіне сенсек, облыстың 9 ауданындағы 11 елді мекенде құс тұмауы анықталған.

Қазір оқып жатыр

Алдағы 12 айда базалық мөлшерлеме 14,75%-ға дейін төмендеуі мүмкін – сарапшылар

Базалық мөлшерлеме бойынша болжам

Отбасы банк: зейнетақы жинақтарының шегін арттыру ипотекалық өтінімдерге әсер етпеді

Ұмай

Қазақстанда тұрғын үй саудасы түсіп барады

тұрғын үй нарығы

Атырау облысында полицейлерді тепкілеген үш тұрғын сот залында қамауға алынды

блогер соты