USD
USD
USD

«17 жастағы балаға қол жүгіртті» – Алмас Кішкенбаев полицияға жеткізілді

Белгілі қазақстандық әнші Алмас Кішкенбаевқа 17 жастағы балаға қол жүгіртті деген айып тағылып жатыр.

Алмас Кішкенбаев
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл ақпарат журналист Михаил Козачковтың телеграм каналында тарады.

Кеше түнде құқық қорғау органдарына курьер болып жұмыс істейтін кәмелетке толмаған баланың әкесінен арыз түскен.

«Кешкі 21:00 шамасында курьер жігіт бір мекен-жайға үш бөтелке сыраны жеткізуге тапсырыс алған. Ол тауарды дүкеннен алып, тапсырыс берушіге апарады. Содан кейін түсініксіз жағдай болған. 17 жастағы жасөспірімнің айтуынша, 40-қа таяған ер адам сыраны бірге ішуді ұсынған.

Сол кезде ер адам 11-сынып оқушысын жыныс мүшесінен ұстап алған. Курьер бала үйіне барған соң әкесіне бәрін айтып береді. Арызда келтірілген уәждерді тексеру аясында полиция қызметкерлері сыраға тапсырыс берген ер адамның пәтеріне барып, оны полиция бөлімшесіне жеткізген. Күдікті – Алмас Кішкенбаев», - деп жазды журналист.

Алматының полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеріс жүріп жатқанын, күдікті К. есімді азамат полицияға жеткізілгенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті

.

Екі алтын, екі қола: Қазақстан Азия ойындарын сәтті бастады

.

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.