22 Қараша 18:43
...

16 жастағы гимнаст жаттығу кезінде қайтыс болды

Фото:

16 қарашада Фельбах-Шмидендегі оқу-жаттығу орталығында Германия құрамасының 16 жастағы гимнасты Мия Софи Литке қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Жас спортшының өлімінің себебі әзірге нақтыланған жоқ. Дереккөздің мәліметінше, спортшының кенеттен жүрегі тоқтап қалған.

«Осы қиын кезеңде Мияның отбасына көңіл айтамыз және оларға осы қайғылы оқиғаны жеңе алуы үшін әлемдегі бар күш-қуат тілейміз», - делінген орталықтың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мия Софи Литке 2022 жылы жасөспірімдер арасындағы Германия чемпионы атанған, ал 2023 жылы жазда ересектер командасына ауысқан болатын.

Тегтер: