USD
USD
USD

1-6 сынып оқушылары 6 қазаннан бастап мектепке барады

Қырғызстанда 6 қазаннан бастап 1-6 сынып оқушылары мектепке барып оқи бастайды. Республикалық оперативті штаб отырысында осындай шешім қабылданды деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

1-6 сынып оқушылары 6 қазаннан бастап мектепке барады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үкімет мәліметінше, оқу процесін қалыпты жағдайда жалғастыру үшін, санитарлық-гигиеналық талаптарты сақтайтын арнайы алгоритм қабылданған. Оған сәйкес, мұғалімдер мен оқушылардың дене қызуы күнделікті тексеріледі әрі бәрі маска тағып жүруі тиіс.

Сонымен бірге мектептер оқушылар келгенге дейін дезинфекциялануы тиіс. Онда қолданылатын құралдардың концентрациясы белгіленген өлшемнен аспауы тиіс. Сынып бөлмелері желдетіліп тұруы тиіс.

Оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығын медицина қызметкерлері бақылап отырады. Оқушылар 1-2 метр қашықтықты сақтап отырғызылады. Оқушылар қолдарын тез-тез жуып тұруы үшін тиісті құралдар қойылады.

Мектептерде тиісті іс-шаралар өткізуге және ата-аналардың кіруіне рұқсат берілмейді. Ал 7-11-сынып оқуы мен балабақша ісі қашан қалпына келеді, әзірге белгісіз.

Коронавирус пандемиясына байланысты Қырғызстандағы барлық білім беру мекемелері онлайн жүйеге көшкен. Жаңа оқу жылында мектептерге баруға 1 сынып оқушыларына ғана рұқсат беріліп, басқа сыныптар қашықтан оқу форматында қалған. 

Қазір оқып жатыр

Шымкентте күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел адам қамауға алынды

Полиция

Хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу тәртібі өзгереді: Құрылтай жаңа заң жобасын қабылдады

мұғалімдердің жеке дерегі

«Өз күшімен жағаға шыққан»: Маңғыстауда аман қалған матрос туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылды

Каспий теңізіндегі іздестіру жұмысына қатысқан техникалар

Путин Еуропаға және тұтас әлемге оңтайлы саяси тұлға – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев