USD
USD
USD

16 науқастың біреуінің жағдайы ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінен кейінгі 93 науқастың қатарына тағы 16 адам қосылды, олардың бәрі вирус жұқтырған жандармен қарым-қатынаста болғандар. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімдеді. 

16 науқастың біреуінің жағдайы ауыр
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. «Қазіргі уақытта Алматыда коронавирус індетін жұқтырған науқастар саны 109-ға жетті. 16 науқастың біреуінің жағдайы ауыр, қалғандарының денсаулығы қанағаттанарлық. Олардың бәрі де коронавирус жұқтырғандығы расталғанда станционарда оқшауландырылған еді», - делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабараламада. Төрт науқас «Мәскеу – Алматы» рейсімен ұшып келген бір жолаушымен байланыста болған.

Олардың біреуі науқастың анасы, 2009 және 2017 жылы туған екі баласы және бір байланыста болған адам. «Екеуі – 16 наурызда Ыстамбұлдан, екеуі – 10 наурызда Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген, тағы біреуі – 13 наурызда Берлин рейсімен жеткен, енді біреуі вирус жұқтырған адаммен байланыста болған», - делінген хабрламада. Алматыда коронавирустан емделіп шыққандардың жалпы саны – 19. Олардың бәрі қазіргі таңда 14 күндік үй карантинде. 

Қазір оқып жатыр

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

КҚК

Түркияда Temu маркетплейсіне айыппұл салынды

Temu

Туризмнің игілігін ауыл тұрғындары да көруі тиіс – «Әділет» партиясы

.

KazTAG басшылары Әсет Матаев пен Әмір Қасеновке үкім шықты

.