2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

16 миллион теңгені заңсыз иеленген әскери қызметші сотталды

Шығыс Қазақстан облысында 16 миллион теңгені заңсыз иеленген әскери қызметкер 4 жылға сотталды. 

16 миллион теңгені заңсыз иеленген әскери қызметші сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Семей гарнизонының әскери сотында әскери қызметкерге қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол орталықтандырылған есепке алу бөлімінің қаржылық қызметінің басшысы қызметінде 1,5 жылға жуық уақыт аралығында әскери бөлімнің кассасынан бюджет қаражатын жымқырып отырған.

"Сот әскери қызметкердің 2018 жылдың қаңтарынан бастап, 2019 жылдың 31 қазанына дейін әскери бөлімнің кассасынан бюджет қаражатын әскери қызметкерлердің карта есепшоттарына заңсыз аударып, мемлекет қаржысын жымқырғанын анықтады. Салдарынан әскери бөлімнің қаржылық қызметінде 16 миллион 97 мың 835 теңгеге тапшылық пайда болған", - делінген Семей гарнизоны әскери сотының хабарламасында.

Алғашында сот күдіктіні кінәлі емес деп таныпты. Кейін сот әскери қызметкерді ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-тармағы 2 пунктіне сәйкес кінәлі деп танып, оны өмір бойына мемлекеттік қызметте жауапты және басқарушы лауазымдарын атқару құқығынан, 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Сондай-ақ, айыпталушы "капитан" шенінен айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия мүшелері не айтылды?

Үкіметтік комиссия отырысы

Қаза болған әскери қызметшілерге көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Ақжол Темірәлиев

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинайтын бірыңғай қор белгіленді

Әскерилер өлімі