USD
USD
USD

1600-ден астам дене шынықтыру пәнінің мұғалімі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

Қазақстандық 1 630 дене шынықтыру пәні мұғалімі тегін біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. Бұл курстарды Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1600-ден астам дене шынықтыру пәнінің мұғалімі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, курстар 3 қазанда басталып, 2022 жылғы 9 желтоқсанға дейін жалғасады. 370 дене шынықтыру мұғалімі қатысып жатқан сабақтардың бірінші легі Астана, Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Солтүстік Қазақстан облыстарында өтіп жатыр. 

«Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жұмыс сапасы мен кәсіби деңгейін арттыру мақсатында біз екінші жыл қатарынан арнайы әзірленген курстарды өткізіп жатырмыз. Былтыр бұл курсты 950 мұғалім оқыды. Бүгінде еліміздің 5 өңірінде курс өтіп жатыр. Алдағы уақытта курсты өткізу жері бүкіл республиканың ауқымына дейін кеңейеді. Мұғалімдердің сұраныстары негізінде оқыту екі тілде ұйымдастырылады. Ұстаздарымыздың кәсіби деңгейін арттыру – басты міндеттердің бірі», – деді Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Сағдат Садықов.

Курстарды аяқтаған мұғалімдер тест тапсырып, мемлекеттік үлгідегі сертификаттарды алады.

Қазір оқып жатыр

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер

Қарағанды облысында бес жерде табиғи өрт сөндірілуде

Қарағанды облысындағы өрт аумағы

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік