USD
USD
USD

160 мың тоннадан астам мұнай өнімі шетелге танкермен заңсыз тасымалданған

Мұнай өнімдерін шетелге заңсыз экспорттаумен айналысқан ұйымдасқан топтың әрекеті тоқтатылды. Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

мұнайды заңсыз экспорттау
Фото: ҰҚК/видеодан кадр

Астана, NEGE. Тергеу деректеріне сәйкес, қылмыстық схеманы Маңғыстау облысының кәсіпкері ұйымдастырған. Ол жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен шикі мұнай сатып алу, кейіннен мұнайды Standart Petroleum және Mangystau Oil Refining шағын мұнай өңдеу зауыттарында өңдеп, жалған сапа паспорттарын ресімдеуге шарттар жасасқан. Одан әрі өнім пеш отыны ретінде көрсетіліп, Ақтау теңіз порты арқылы танкермен шетелге шығарылған.

«2019-2023 жылдар аралығында тек "Batys Nefte Trade" ЖШС арқылы шетелге 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз экспортталған. Операциялардың жалпы көлемі шамамен 45 млрд теңгеге бағаланған», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Биыл жүргізілген процестік іс-шаралар кешені аясында қылмыстық іс фигуранттарының активтері, сондай-ақ шағын мұнай өңдеу зауыттары, танкер және өзге де мүлік тәркіленді. Заңсыз алынған кірістер мен төленбеген салықтар бойынша 2 млрд теңгеден астам қаражат мемлекет кірісіне өндірілді.

Ақтау қалалық сотының үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың бес қатысушысы, оның ішінде шағын мұнай өңдеу зауыттары мен трейдерлік компанияның басшылары 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық схеманы ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Өзбекстанмен шекарадағы кеден бекеттерінде жемқорлық деректері көп тіркелген

Жемқорлық

Депутат: Заң бұзған кез келген азамат жауапқа тартылуы тиіс

NAVAI

Алматыда екі қабатты ғимараттың шатыры өртеніп, төрт адам ауруханаға жеткізілді

Жедел жәрдем

2027 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек беру талаптары өзгереді

Ақша