USD
USD
USD

16 жастағы қызды сыныптастары секс-құлдықта ұстаған – Жәбірленушінің анасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Қызылорда облысында жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болған 16 жастағы қыздың анасы жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Зорлық-зомбылық
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Анасының айтуынша, қызын жезөкшелікпен айналысуға сыныптасы итермелеген.

Бір топ жасөспірімнің оны сағат сайын, бірнеше күн қатарынан «жұмыс істеуге» мәжбүрлегені белгілі болды. Өйтпеген күнде олар қыздың ваннада киім ауыстырып жатқаны түсірілген видеоны таратамыз деп қорқытқан. Жәбірленуші қыздың ақша аударымдарын тексеру барысында 7 мыңнан астам еркектің банк қосымшасынан төлем жасағаны белгілі болды. Күдіктілер ай сайын оған қиянат жасап, 3 миллион теңгеге жуық пайда тауып отырған.

Олны kyzdar.net сайтына тіркеген. Егер жәбірленуші қыз сыныптастарына уақытында ақша жібермесе, олар келіп, ұрып-соғып, азаптайтын болған.

Мектеп мұғалімдері жәбірленуші қыздың анасын ата-ана құқығынан айырамыз, баланы арнайы мектеп-интернатқа жібереміз деп қорқытқан.

Полиция оқиға бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Тергеу кезінде күдіктілер «үйқамаққа» алынды.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам