16 мыңнан астам Құлсары тұрғыны уақытша Бейнеу ауданына қоныстанды
Атырау облысының Жылыой ауданындағы тасқын су салдарынан 16 мыңнан астам тұрғын Бейнеуге эвакуацияланып, тиісті пунктерге толық орналасты, деп хабарлады Бейнеу ауданының әкімдігі.
Алматы, NEGE. Аудан әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта көшірілген адамдардың 8 625-і аудан орталығында болса, қалғаны Боранқұл, Сарға, Есет ауылдарында уақытша тұрып жатыр.
«Әр эвакуациялық орында мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар, медицина мамандары тұрғындармен жұмыс жүргізуде. Төтенше жағдайға байланысты аудандағы мектептер онлайн оқу форматына көшіріліп, мұғалімдер аудан оқушыларымен қатар, құлсарылық балалардың оқуын да қадағалап жатыр. Сондай-ақ балалардың көңілін аулау мақсатында әртүрлі тренингтер, сұхбаттар, ойындар ұйымдастыруда», — деді Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Назарбек Қадыр.

Қазіргі уақытта аудан көлемінде эвакукацияланған құлсарылықтарға еріктілер қажетті заттарды жеткізіп жатыр.
Бейнеу ауданының әкімі Рахымжан Шалбаев Боранқұл ауылындағы қабылдау орталықтарын аралап, су апатынан зардап шеккендердің жағдайын тікелей қадағалап отырғанын мәлімдеді.
Қазір оқып жатыр
Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді
Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды
Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын
Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін