USD
USD
USD

15 жыл бойы халықаралық іздеуде болған қазақстандық ұсталды

Жетісу облысының полицейлері 15 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматын ұстады.

15 жыл бойы халықаралық іздеуде болған қазақстандық ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Облыстық полиция департаментінің жедел уәкілдері Көксу ауданында 51 жастағы ер адамды ұстады. 2008 жылдан бері Ресейде есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына мемлекетаралық іздеу жарияланған", - делінген хабарламада.

Қазақстан полициясы күдіктіні Ресей Федерациясының Красноярск өлкесінің полициясының сұрауы бойынша іздестірген.

"Күдіктінің тұрған жерін анықтау туралы ақпарат іздеу жариялаған тарапқа жіберілді. Істің барлық мән-жайы анықталғанша, анықталған адамға қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы - келу міндеттемесі таңдалды", - деп толықтырды ПД.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе