USD
USD
USD

15 жасында тұрмысқа шығып, 14 бала босанған әйел егіз, үшем тумағанын айтты

Алматы облысы Кербұлақ ауданының тұрғыны Гүлназ Шәкенова 42 жасында 14 баланың анасы атанды. 15 жасында тұрмысқа шыққан Гүлназ бен жолдасы Сәрсенбайдың тұңғыштары Жадыра 26 жасқа толса, кішкентай Нұрғалым 2021 жылдың наурызында дүниеге келді, деп хабарлайды nur.kz.

15 жасында тұрмысқа шығып, 14 бала босанған әйел егіз, үшем тумағанын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Гүлназ бен Сәрсенбайдың жанұясы 2019 жылға дейін Кербұлақ ауданына қарасты Қаспан ауылында тұрған. Ал 2019 жылы бірнеше жылдан бері үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасыға аудан орталығы Сарыөзектен алты бөлмелі үй берілді. Сәдуақасовтар отбасы он төртінші сәбиін сол үйде күтіп алған болатын.

"Тұңғыш қызым Жадыра 1995 жылы дүниеге келді. 1997 жылғы Сәния, 1999 жылғы Айжан, 2001 жылғы Ақжан есімді қыздарымыз бар. 2002 жылы үлкен ұлымыз Ұлан өмірге келді, 2004 жылы Диана, 2007 жылы Сұлтан, 2010 жылы Шолпан есімді қызымыз дүние есігін ашты. 2012 жылы Айғанымды, 2014 жылы Сырымды, 2016 жылы Айгүлді, 2018 жылы Айшаны, 2019 жылы Айдананы жарық дүниеге әкелдім. Алланың қалауымен 2021 жылы кенжеміз Нұрғалым өмірге келді. Балаларымның бәрін өзім босандым. Егіздер де, үшемдер де жоқ. Көпшілік ойлағандай асырап алған балаларымыз да жоқ", - дейді Гүлназ.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті