USD
USD
USD

15 наурыздағы жағдай: 2 мыңға жуық адам карантинде жатыр

Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған 6 науқас тіркелген: Алматы қаласында – 4, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам. Стационарлық карантинде 1 мың 425 адам, үй карантинінде 496 адам жатыр, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

15 наурыздағы жағдай: 2 мыңға жуық адам карантинде жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сонымен қатар, ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. Барлық санаттар бойынша мониторингіге 2 507 адам алынды, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 1 мың 619, 1 «б» санаты бойынша – 520, 2 санаты бойынша – 368 адам. Мониторингіге алынған 2 507 адамның 424-і бақылау тоқтатылды.

15 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 2 083 адамға мониторинг жүргізуде. Қазіргі уақытта дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен 122 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 1 «б» санаты бойынша – 35 адам; 2 санат бойынша – 42 адам; 3 санат бойынша - 45 адам. Ауруханаға жатқызылғандар саны 122 адам, 62 азамат шығарылды. 60 адам стационарда қалады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен аталған пациенттер алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды.

Эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция жасау жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында. Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай Әлемде 152 елде 156 494 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде: ҚХР-да 80 884 (тәулігіне - 20 жағ.) жағдай (күн сайынғы өсім – 0,02%), оның ішінде - 3 199 өліммен аяқталған (өлім көрсеткіші – 3,9%). 66 911 адам жазылған (82,7%).

 

Қазір оқып жатыр

TikTok-та былапыт сөз айтқан Түркістан тұрғыны жауапқа тартылды

жауапкершілік

Әлем жасанды интеллектіні қалай реттеп жатыр?

ЖИ

Трамп ХАМАС-қа қатысты «тарихи келісімге» қол жеткізілгенін мәлімдеді

Трамп

Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы каникулдар кестесін бекітті

каникулдар