USD
USD
USD

15 млн шаршы метр тұрғын үй қашан салынады?

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин өңірлерге құрылыс жұмыстарын уақытылы бастауды тапсырды. 

15 млн шаршы метр тұрғын үй қашан салынады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазіргі жағдайдағы Үкіметтің ең маңызды міндеті – құрылыс қарқынын ұлғайту, халықты тұрғын үймен қамту, жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру. Бүгінде құрылыс саласында шамамен 700 мың адам жұмыс істейді. Осы жылы шамамен 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Құрылыс индустриясын дамыту бойынша жобалар іске асырылатын болады. Бұл ретте құрылыс саласы қазіргі уақытта экономиканың дамуының маңызды секторларының бірі болуы тиіс», - деді А. Мамин Үкімет отырысында.

Осы орайда ол Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі мен әкімдіктер жоспарланған тұрғын үй көлемін тапсыруды әрі бөлінген қаражатты толық игеруді қамтамасыз етуі тиіс екенін айтты. «Құрылыс маусымын уақытында бастаудың маңызы өте зор. Құрылыс орындарына инженерлік инфрақұрылым жеткізу бойынша 7 өңір ғана жобаларды іске асыруды бастаған. Бұл тұрғыда Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарын атап өткен жөн», - деді Үкімет басшысы. 

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

жанжал ресей

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Пәтер кілті