USD
USD
USD

15 мыңды кімдер алады?

Төтенше жағдай кезінде коммуналдық төлемдер бойынша қандай санаттағы тұлғаларға көмек көрсетілетіні анықталды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг кезінде Алматы қаласының энергия тиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев түсіндірді.

15 мыңды кімдер алады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес Индустрия министрлігі коммуналдық қызмет көрсетушілерге шығындарды өтеу ережесін бекітті.

Осы ережеге сәйкес, өтініш білдіргендердің келесі санаты бойынша жеке шоты бар адамдарға көмек беріледі:

- 1, 2, 3-ші топтағы мүгедектер;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- көп балалы отбасылар;
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау, әскери қызмет атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
- ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;
- атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, соның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.

"Аталмыш санаттағы тұлғалардың тізімі дайын. Өйткені, Алматыда халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын 62 455 адам бар, олардың 22 мыңға жуығында жеке есеп шот бар", - деді Әсет Масабаев.

Қазір оқып жатыр

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.

Никол Пашинян үкіметтің отставкасы туралы өтінішке қол қойды

Никол Пашинян

Алматыда жасөспірім қыз есірткі таратты деген күдікпен ұсталды

.

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.