USD
USD
USD

15 мың маска тегін таратылады

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 15 мың масканы тегін таратады. Бұл туралы қауымдастықтың баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлы Facebook-тегі парақшасында жазды.

15 мың маска тегін таратылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, медициналық маскаларды қауымдастыққа Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры жіберген.

«Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 15 мың масканы еліміздегі қандастарға тегін таратады. Оның ішінде көпбалалы отбасылар және мектептер, әрі медициналық ұйымдар бар. Қауымдастықтың қызметкерлері бүгін Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Бозайғыр, Қоянды ауылындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қорғаныш құралдарын таратты», – дейді Сырымбек Төлеуұлы.

Оның пікірінше, бұл шара коронавируспен күресуге септігін тигізеді.

«Бұл - халыққа көрсетіліп жатқан көмек. Бұл да азаматтарымызға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керегін, карантин талабын міндетті түрде орындау керегін көрсетеді. Қазіргі таңда әлем аты жаман аурумен күресіп жатыр. Әсілі, қазақ аурудың атын айтпайды ғой. "Әр қазақ менің жалғызым" деген сөз бар. Бұл - бір-бірімізге бауырмалдық танытатын уақыт», – дейді Сырымбек Төлеуұлы.

Қазір оқып жатыр

Блогер Ерболат Жанабылов әйелімен ұрысқаннан кейін ұсталды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Электромобильді қуаттағанда артық ақша төлемеу үшін желтоқсаннан бастап жаңа талап енгізілмек

Электромобиль