Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

15 қарашадан бастап Алматы карантинге жабыла ма?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 15 қарашадан бастап Алматыда блок-бекеттердің орнатылуы туралы тараған ақпаратқа түсініктеме берді.

15 қарашадан бастап Алматы карантинге жабыла ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Алматылықтардың арасында және әлеуметтік желілерде Алматыда 15 қарашадан бастап блок-бекеттер орнатылады деген ақпарат тарай бастады.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, бүгінде Алматыда эпидемиологиялық ахуал тұрақты, қаланы жабу немесе блок-бекеттер орнату жоспарланбаған.

"15 қарашадан бастап блок-бекеттер орнатылады" деген ақпарат жалған. Дегенмен қазақстандықтарды санитарлық ережелерді сақтауға, маска киюге және жиі қолдарын жууға, антисептик қолдануға шақырамын. Сонымен қатар әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет. Барлығы әр азаматтың қолында. Егер біз бәріміз қажетті санитарлық талаптарды сақтасақ, онда екінші толқынды болдырмай, вирусты жеңеміз", - деді Байтанаев.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz