USD
USD
USD

15 халықаралық рейспен 2,5 мыңға жуық жолаушы келген

13 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Кипр, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 15 халықаралық әуе рейсі келді.

15 халықаралық рейспен 2,5 мыңға жуық жолаушы келген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған рейстерде 2 242 әуе жолаушы болды. Олардың ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 900 адам, анықтамасыз 342 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 792 жолаушы, анықтамамен - 1 533, анықтамасыз - 259; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 440 жолаушы, анықтамамен - 357; анықтамасыз - 83; Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 10 жолаушы анықтамамен келген. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2021 жылдың 12 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері бойынша анықтамасыз келген барлық 306 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес