USD
USD
USD

150-ге жуық тіркелмеген қару алынды

Түркістан облысының полицейлері тіркелмеген атыс қаруын сатып алу акциясы барысында 150-ге жуық қару алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

150-ге жуық тіркелмеген қару алынды
Фото: NEGE.kz

Aлматы, NEGE. Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты көптеген іс-шаралар онлайн форматта өткізіліп жатыр. Соның бірі – заңсыз айналымдағы қаруларды сатып алу акциясы. 1 шілдеде бастау алған шарада Түркістан облысының тәртіп сақшыларына тұрғындар тіркелмеген 146 қару тапсырған. Оның ішінде 128-і тегіс ұңғылы аңшы мылтығы болса, 18-і ойық ұңғылы қару. Мәселен Созақ ауданының тұрғыны Мақұлбек Серікұлы 12 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы қаруын өз еркімен тапсырды. Ал, Жетісай ауданының тұрғыны Мағауя Ілімұлы тегіс ұңғылы екі аңшы қаруын өткізді. Қазіргі уақытта мылтықтар сараптамаға жіберілді, нәтижесінде азаматтарға ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданады. Ескерте кететін жайт, қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін мемлекет қарудың әрқайсысы үшін тиісті төлемін жасайды. Оған қоса, қолындағы қару-жарақ заттарын тапсырғысы келген тұрғындар келмей-ақ, арнайы 8-778-991-66-66, 8-775-287-16-37 телефоны немесе “102″ нөміріне хабарласуына болады. Ал, сыйақы төлеу қару-жарақ заттарын тапсырған тұрғындарға ұсынылған шоттарға аудару жолымен жүзеге асырылатын болады. Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырғандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

.

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

.

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Дональд Трамп

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Наурыз мейрамы