USD
USD
USD

150 тоннадан астам жанар-жағармайды Қазақстан шекарасынан заңсыз өткізбек болған

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шілде айында жанар-жағармай материалдарын мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізбек болған 1 808 фактінің жолын кескен. 

Бензин, дизель
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. ҰҚК дерегінше, шекарада тәркіленген жанар-жағармайдың жалпы құны 33,4 млн теңге деп бағаланған. 

Шекарашылар шілде айында жалпы сомасы 3,9 млрд теңге болатын тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2 476 фактісін анықтады:

  • 39 факті – есірткі заттары;
  • 88 факті – қару-жарақ пен оқ-дәрілер (108 дана суық қару, 2 131 дана оқ-дәрі);
  • 392 факті – жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
  • 149 факті – сомасы шамамен 2,1 млрд теңгені құрайтын шетел валютасы.

Шекаралық аймақта Қазақстан заңнамасын бұзған 4 975 адам ұсталды, оның 4 346-сы – шетел азаматтары.

Бұдан бөлек, Каспий акваториясында браконьерлікпен айналысудың 34 фактісі анықталып, нәтижесінде 24,6 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 103 дана (580 кг) бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

Шекара қызметі өз құзіреті  63 қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер