USD
USD
USD

15 жастағы Кәрім Меңдіқанов ресми түрде «Барселонаның» ойыншысы атанды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының вингері Кәрім Мендіқанов «Барселонамен» үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Енді қазақстандық футболшы мансабын каталониялық клубтың атақты «Ла Масия» академиясында жалғастырады.

Кәрім Меңдіқанов
Фото: instagram.com/k.mendikanov

Астана, NEGE. 15 жастағы футболшы Instagram желісіндегі парақшасында клубпен келісімшартқа қол қойған сәтінен фотосуреттер жариялап, сүйінші жаңалығын жеткізді.

«Өмір бойы жанкүйер болып келген клубыммен келісімшартқа қол қойғанымды мақтан тұтамын», – деп жазды жас футболшы.

2022 жылы Кәрім 11 жасында әкесімен бірге Испанияға көшіп кеткен. «Серданьола» және «Сан-Кугат» секілді бірнеше жергілікті клубта өнер көрсеткен қазақстандық жас футболшыға Ла Лига скауттарының назары түскен.

Биыл 22 сәуірде Кәрім алғаш рет Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына (U-16) шақырту алды. Ол 25-30 сәуір аралығында Шымкент қаласында өткен УЕФА Даму кубогы турниріне қатысты.

Қазір оқып жатыр

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен