14 Маусым 13:59
...

15 өңірде психологиялық қолдау орталықтары ашылды

психологиялық қолдау
Фото: ғаламтордан

ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина атап өткендей, жыл соңына дейін басқа облыстарда да орталықтар ашылады.

Алматы, NEGE. «Бұл орталықтарға алдын алу және көмек көрсету функциялары жүктеледі. Заңмен әкімдердің орталықтарды ашу құзыреті бекітілген. Еліміздің әр өңірінде психологиялық қолдау орталығын ашу бойынша жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілуде. Орталықтар өңірдің психологиялық көмегі мен психологиялық қызметтерін үйлестірудің өңірлік хабына айналады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

16 маусымда күшіне енетін әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заң нормалары туралы айта келе, Оқу-ағарту министрлігінің өкілі тексеру нысанын алдын ала ескертпестен балалар орналасқан барлық нысандарға жоспардан тыс тексерулер жүргізу мүмкіндігі енгізілетінін атап өтті. «Бала құқықтары туралы» Заңның жеке тарауы Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің функцияларын заңнамалық тұрғыдан бекітуге арналған.

«Бүгінде еліміздің 20 өңірінде өңірлік уәкілдер жұмыс істейді. Бірақ заңның негізінде олардың Бала құқықтары жөніндегі бас уәкілдің заңнамалық функцияларына ұқсас заңнамалық функциялары бекітіледі», - деп толықтырды спикер.