Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«15 млн қазақстандықтың деректері сатылымға шықты»: ІІМ ресми мәлімдеме жасады

Қазақстан азаматтарының дербес деректері сатылымға шығарылды деген ақпараттан кейін Ішкі істер министрлігі тексеру жүргізіп жатыр. Қазір полиция хабарландыруды кім жариялағанын және ондағы деректердің қайдан алынғанын анықтауға кірісті.

Түркістан
Фото: Gov.kz

Астана, NEGE. ІІМ мәліметінше, бүгінгі таңда eGov порталына заңсыз кіру немесе қол жеткізу фактілері тіркелмеген.

«Қазіргі уақытта хабарландыруды орналастырған тұлғаны, ұсынылып отырған деректердің қайдан алынғанын, сондай-ақ оларды заңсыз алуға және таратуға қатысы бар барлық адамды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылдануда», – деп хабарлады министрлік.

Ведомство дербес деректерді заңсыз жинау, өңдеу, сақтау және пайдаланудан қорғау Конституцияның 21-бабында тікелей көзделгенін атап өтті. Бұл талап цифрлық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын әрекеттерге де қатысты.

«Барлық қатысы бар тұлғаны анықтау үшін қажетті шаралардың бәрі қабылданады. Ешкім жауапкершіліктен жалтара алмайды. Бұл жұмыс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында», – делінген хабарламада.

Бұған дейін интернетте Қазақстан азаматтарының дербес деректері сатылымға шығарылғаны туралы ақпарат тараған. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі eGov жүйесі бұзылып, Қазақстанның 15 миллион азаматының деректері тарап кетті деген ақпаратты жоққа шығарды.

ІІМ де әзірге бұл деректердің eGov порталынан алынғанын растайтын факт жоғын мәлімдеді. Қазір ақпараттың шығу көзі мен оны таратқан адамдар анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бизнеске арналған тағы бір мемлекеттік қызмет банктерге беріледі

компанияны тіркеу

Баян Алагөзова мен Динара Сәтжан сотқа берген ақтөбелік емші айыппұл арқалады

Алагөзова, Сәтжан

Қазақстанда Telegram жұмысы баяулады: жауапты мамандар не дейді?

Telegram

«ҰБТ-дан 125 балл жинағанымен, грантқа ілікпеді»: жетісулық ата-аналар шағымын жеткізді

ҰБТ