«15 мың төлеймін, бірақ интернет жоқ»: депутат интернет сапасына шағымданды
Мәжілісте телекоммуникация нарығын дамыту туралы заң жобасын талқылау кезінде депутат Марат Башимов Қазақстандағы үй интернетінің сапасын сынға алды.
Астана, NEGE. Депутат вице-премьер – цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке қойған сауалында телекоммуникация нарығын талқылау кезінде тек операторлардың құқықтары мен бәсекелестік туралы ғана емес, пайдаланушылардың да құқығы ескеру қажет екенін алға тартты.
«Бұл салада азаматтардың конституциялық құқықтары мен тұтынушылар құқықтарының жаппай бұзылып жатқанын баршаға мәлім. Мен жолдың арғы бетінде тұрамын, тіпті осы мәселе туралы үлкен пост жаздым – жұрттың бәрі үйдегі интернеттеің істемейтініне шағымдануда. Бізге неге ертегі айтасыздар?» – деді Башимов.
Башимовтың айтуынша, тұрғындар қызмет ақысын уақтылы төлегенімен, сапалы байланысқа қол жетізе алмай отыр.
«Мен 15 мың төлеймін, сол себептен сапалы интернет пайдаланғым келеді. Бірақ ондай мүмкіндік жоқ! Бұл жерде сіздер тұтынушылардың құқықтарына тиісті деңгейде көңіл бөлмей отырсыздар», – деді ол.
Өз кезегінде Жаслан Мәдиев сапалы интернетке қолжетімділік тұрғындар үшін базалық қажеттілік екенін айтып, мәселені бақылауға алуға уәде берді.