USD
USD
USD

14 өңірде ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

14 өңірде ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 10 мамырда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында 17-22, екпіні 25 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 10 мамырда күннің екінші жартысында найзағай ойнайды. Күндіз шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде жел қарқыны - 15-20 м/с, күндіз - 15-20, екпіні - 25 м/с.

10 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с асады.

10 мамырда күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, солтүстік-батысында екпіні 23-28 м/с, 30 м/с жетеді.

10-11 мамырда Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы, Талас Алатауы мен Жетісу Алатауында нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады, дауыл тұрады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыс желі, найзағай кезінде 15-20, 11 мамырда екпіні 25 м/с жетеді.

10 мамырда Атырау облысының шығысында қатты жаңбыр. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында, шығысында екпіні - 15-20 м/с. 10 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Желдің бағыты шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич