USD
USD
USD

14 ақпанға арналған ауа-райы болжамы

14 ақпанда Қазақстанның оңтүстігі ғана жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

14 ақпанға арналған ауа-райы болжамы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Атмосфералық бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлгі жауын-шашынды (жаңбыр, қар), тек ҚР оңтүстігінде ауа райы ашық. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күшейеді», - делінген хабарда.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, түстен кейін қар жауады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -16-18, күндіз -6-8.

Алматыда көшпелі бұлтты, түнде және ертеңгісін жауын-шашынды (жаңбыр, қар жауады), тұман, көктайғақ. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 0+2, түнде 0-2.

Шымкентте құбылмалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -2-4, күндіз +9+11.

Қостанай облысында кей жерлерде қар жауады, тұман, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -6-11, түнде -14-19.

Қарағанды облысында кей жерлерде қар жауады, бұрқасын күтіледі, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -1-6, түнде -8-13.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қар, түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -6-11, түнде -12-17.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр күтіледі, кей жерлерде тұман түседі, бұрқасын тұрады, 15-20 м/с жел күшейеді, көктайғақ. Күндіз +3+8, түнде -4-9.

Ақмола облысында күндіз кей жерлерде қар күтіледі, түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман, түнде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -4-9, түнде -13-18.

Павлодар облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -4-9, түнде -9-14.

Маңғыстау облысында кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, тұман, көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде -3+2.

Атырау облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде -2-7.

Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -5-10.

Жамбыл облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде 0-5.

Алматы облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, тұман түседі, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде 0-5.

Түркістан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +7+12, түнде -1-6.

Ақтөбе облысында кей жерлерде қар жауады, тұман түседі. Күндіз -3+2, түнде -3-8.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауады, түнде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -19-24.

«Алдағы тәулікте ШҚО жекелеген өзендерінде мұз еріп, су деңгейі көтерілуі мүмкін. Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы қалған таулы өзендерде су деңгейінің құбылады», - деп ескертті синоптиктер.

Қазір оқып жатыр

Дастан Сәтбаев «Челсидің» ұсынысымен ұлттық құрамадан шеттетілді

Дастан Сатпаев

Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

Жол апаты

Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

.

Қосшыда жол жиегінен сәбидің денесі табылды

Сәби