USD
USD
USD

14 әйелге үйленген ер адам әйелдерінің есебіне өмір сүрген

Үндістанда 43 жылдың ішінде 14 әйелге үйленіп, солардың есебіне өмір сүрген Одиша штатының тұрғыны тұтқындалды.

14 әйелге үйленген ер адам әйелдерінің есебіне өмір сүрген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазір алаяқтың бес баласы бар. 65 жастағы Рамеш Чандра Свейн алғаш рет 1979 жылы үйленген. Ал 2010 жылдан бастап ажырасқан ауқаттарды әйелдермен әр түрлі есіммен танысып, оларға үйленіп отырған. Зардап шеккендер әр штаттан болғандықтан ер адамның бірнеше әйелі барын мүлде білмеген. 

Полицияның дерегіне сәйкес Свейн үйлене сала өз құрбанынан ақша мен мүлкін өз атына аударуды талап еткен. Ал мақсатына жеткен соң хабарсыз кетіп отырған. Алаяқтың әрекеті кезекті құрбанына үйленген соң ашылған. Свейнмен отау құрған мұғалім оның телефонынан өзге әйелдерден келген хабарламаларды көріп қойған. Бұдан кейін полицияға шағым түсірген екен. 

Әзірге Свейннің әйелдерді алдау арқылы қанша табыс тапқаны белгісіз. Тұтқындалған соң одан 5 төлқұжат табылған. Егер кінәсі толық дәлелденсе 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Магеррам Маггеррамов: Салық реформасы бюджет тапшылығын жаба алмады

Салық

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама