USD
USD
USD

«146 млрд теңге кем түсті»: теңгенің нығаюы бюджетке кері әсер еткен

Бірінші тоқсанда теңге бағамының айтарлықтай нығаюынан республикалық бюджетке 146 млрд теңге кем түскен.

Ақша
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы мемлекеттік қаржының атқарылуы талқыланған Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, мемлекеттік бюджеттің кірісі 6,4 трлн теңге болған, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 931 млрд теңгеге артық. Ал республикалық бюджетке 4,2 трлн теңге түсім түскен.

Түсімге сыртқы факторлар айтарлықтай әсер еткен. Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты бірінші тоқсандағы мұнайдың орташа бағасы барреліне 80,6 долларды құрады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұнайдан түскен түсім Ұлттық қорға аударылады.

Ал республикалық бюджетке экспорттық кедендік баж салығы оң әсер етіп, қосымша 40,5 млрд теңге түскен. 

«Теңге бағамының орнықтылығы республикалық бюджет кірістеріне тежеуші фактор ретінде әсер етті. Есепті тоқсандағы бір доллардың орташа бағамы болжамды 540 теңгенің орнына 497,7 теңге деңгейінде болуы түсімдердің шамамен 146 млрд теңгеге дейін азаюына алып келді. Осылайша валюта бағамының айырмашылығы республикалық бюджет үшін теріс әсер етті», – дейді Такиев.

Осыған қарамастан, министрдің мәлімдеуінше, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру есебінен 137,6 млрд теңге қосымша түсім түскен.

 

Қазір оқып жатыр

Кәрім Мәсімовтің экс-күйеу баласынан «Достық» станциясындағы терминал тәркіленді

Азамат Қапенов

15 сәуірден бастап мобильді аударымдарды тексеру басталады. Нені ескеру керек?

аударым

Уағызшы Дарын Мубаров жауапқа тартылды

Дарын Мубаров

«Анасын таңдады»: Шавкат Рахмоновтың жұбайы ажырасуға не себеп болғанын айтты

Гүлайым Рахмонова