USD
USD
USD

«Тиын-тебен аламыз»: Теміртаулық фельдшерлер министрден көмек сұрады

Теміртаудың жедел жәрдем қызметкерлері ашық хат жариялап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровадан көмек сұрады. Бұл туралы Kazinform хабарлады.

теміртау
Фото: видеодан скрин

Астана, NEGE.  Олар жұмыс көлемінің тым көп болғанына қарамастан, жалақыларының төмен екеніне шағымданды.

«Біз шектен тыс жұмыс істейміз. Бірақ жалақы төмен, жүктеме көп, көліктер ескірген, ынталандыру төлемдері, премиялар мен үстеме ақылар жоқ. Бұл – біздің шындығымыз. Біз ұзақ уақыт бойы үндемей келдік. Енді бізге сіздердің қолдауларыңыз бен дауыстарыңыз қажет», – деді олар.

Бригада фельдшері Айкен Андрова жүктеменің сәуір айынан бастап күрт артқанын айтты. Сол кезден бастап медицина қызметкерлері барлық шақыртуларға шығуға міндеттелген.

«Біз күн сайын үлкен қысыммен жұмыс істейміз. Шақыртуларда ауыр науқастарды көтереміз, биіктен құлаған адамдарға барамыз, денсаулығымызға қауіп төнеді. Ал алатынымыз – тиын-тебен ғана. Мысалы, қыркүйекте жеті кезекшілікке шыққаным үшін 140 мың теңгеден сәл ғана артық алдым. Айлық өте аз болғандықтан, қосымша жұмыс істеуге тура келеді», – дейді ол.

Қызметкерлердің айтуынша, жұмыс барысында көліктің жетіспеуі де үлкен қиындық туғызады. Сол себепті жедел жәрдем жиі кешігеді. Осындай ауыр жағдайға шыдамай, жұмыстан кетіп қалғандар да көп. 

Қазір оқып жатыр

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи

«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы

мұрат әбен

Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысының ардагері бейбітшілікті бағалап, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды

Маңғыстау облысы