Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

14 облыста дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет 4 ақпанда Қазақстанда дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, желдің екпіні күшейеді.

Қазақстан
Фото: sn.kz

Алматы, NEGE. Күндіз Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысын тұман басады. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.

Күндіз Атырау облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Атырауда жел 15-18 м/с күшейеді.

Түнде басым бөлігінде, күндіз Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын соғады.

Ақмола облысында қарлы боран соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында жолдарда көктайғақ болады. Желдің екпіні 23 м/с жетеді. Көкшетауда қарлы боран соғады. Күндіз жолдарда көктайғақ болады деп болжанды. Жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында және орталығында көктайғақ, бұрқасын соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтөбеде күндіз қарлы боран соғады. Жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының түнде батысында, солтүстік-шығысында, күндіз солтүстігінде бұрқасын болуы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Оралда күндіз қар жауып, көктайғақ болады.

Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде көктайғақ, тұман болады.

Қазір оқып жатыр

Партиялар сайлаушыларға қандай уәде берді

.

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп