USD
USD
USD

14 метр тереңдікте тікұшақтың сынықтары мен мәйіт анықталды - Қорғаныс министрлігі

Шұғыл ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратты. 

о
Фото: Қорғаныс министрлігі

Алматы, NEGE. Қорғаныс министрлігі, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың бірлескен жұмысы аясында, «Қазақстан Ғарыш Сапары» акционерлік қоғамының қолдауымен спутниктік деректерді пайдалана отырып, математикалық есептеулер жүргізілді.

Бұл тікұшақтың ықтимал орналасқан аумағын анықтауға мүмкіндік берді. Аталған ауданға жедел түрде іздеу топтары мен арнайы техника жөнелтілді.

Су астындағы жұмыстар барысында ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері шамамен 14 метр тереңдікте әуе кемесінің ішінара сынықтары мен бір адамның мәйітін анықтады.

Қазіргі уақытта сәйкестендіру процедурасы жүргізіліп жатыр.

"Лай су салдарынан су астын көру қиын болып отыр. Сол себепті іздеу жұмыстары қиындап барады. Бұл жағдай сүңгуірлер мен инженерлік бөлімшелердің жұмысын да айтарлықтай баяулатады. Қиын жағдайға қарамастан, жұмылдырылған барлық күштер операцияны мүмкіндігінше тез аяқтау үшін үйлесімді әрі мақсатты түрде әрекет етіп жатыр, -делінген хабарламада.

Айта кетейік, 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен.

Бір күннен кейін жоғалған тікұшақтың бөлшектері табылғаны белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы