USD
USD
USD

14 қыркүйектен бастап тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректері тексерілмек

«Тұрғын үй саясаты туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 14 қыркүйектен бастап «Отбасы банк» тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың есептегі мәліметтерін толық тексеруге кіріседі.

Отбасы банк
Фото: hcsbk.kz

Астана, NEGE. Өзгеріс тұрғын үй кезегінде тұрған Қазақстан азаматтары мен қандастарға қатысты. Енді банк деректерді түгендеу үшін азаматтардан жеке деректерді жинауға және өңдеуге қосымша келісім алуға міндетті емес.

Банктің мәліметінше, тексеру нәтижесінде кезекте тұрған азаматтардың деректері жаңартылып, тұрғын үйге мұқтаж адамдардың нақты тізімі қалыптастырылады.

Нақты қандай мәліметтер тексерілмек?

Түгендеу кезінде банк азаматтардың:

  • отбасы құрамын;
  • меншігінде тұрғын үйдің бар-жоғын;
  • тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұру құқығына әсер ететін басқа да мәліметтерін тексереді.

Банктің түсіндіруінше, бұл жұмыстың мақсаты – тұрғын үй кезегінде заң талаптарына сәйкес келетін және баспанаға шынымен мұқтаж азаматтардың ғана қалуын қамтамасыз ету.

«Егер тексеру нәтижесінде азаматтың тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою талаптарына сәйкес келмейтін тұрғын үй жылжымайтын мүлкі бар екені анықталса, мәліметтер заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады. Заңда көзделген негіздер болған жағдайда азамат есептен шығарылуы мүмкін», – деп мәлімдеді «Отбасы банк».

Кезекте тұрған азаматтарға не істеу керек?

«Отбасы банк» тұрғын үйге шынымен мұқтаж және белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға түгендеудің басталуына байланысты қосымша әрекет жасаудың қажеті жоқ екенін хабарлады.

«Біз кезектілік мәселесінің әр отбасы үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан түгендеу, жүргізу, ең алдымен, есепке алу жүйесін барлық азаматтар үшін неғұрлым нақты, ашық және әділ етуге бағытталған», – деді банк.

Айта кетейік, тұрғын үй кезегі «Отбасы банкке» 2025 жылғы 24 мамырда берілген. Содан бері банк азаматтардың мәліметтерін жаңарту жұмыстарын жүргізіп келеді. Алайда бұған дейін толық тексеру жүргізу үшін жеке деректерді жинауға және өңдеуге азаматтың келісімі қажет болған. Осы себепті кейбір азаматтар келісім бермей, олардың мәліметтерін толық тексеру мүмкін болмаған.

Қазір оқып жатыр

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Дұғам қабыл болды»: Бақытжан Базарбек жол апатында зардап шеккен жігіттің қазіргі жағдайын айтты

Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен адам есін жиды

Алматы – Қорғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты