USD
USD
USD

13 жасында студент атанған дарын иесі кеш өткізді

Рахат-Би Төлегенұлының есімі бүгінде тек елімізде ғана емес шет елге де кеңінен танымал. 20 жасар өнерпаз жас болса да осы уақытқа дейін симфониялық оркестрге және камералық ансамбльдерге арналған 100-ден аса туындылар жазып, көптеген беделді халықаралық композитор және пианист конкурстарының жеңімпазы атанды.

13 жасында студент атанған дарын иесі кеш өткізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстанның моцарты» атанған Рахат-Би Атырауда «Зымыран заман» атты симфониялық есеп беру кешін өткізді. Жас таланттың өнерін тамашалауға келген халықтың қарасы қалың болды. Кеш иесінің «Өмірге құштарлық», «Жыл құстарының сыңсуы» атты туындылары классикалық өнерге шөлдеген атыраулықтарға ерекше әсер сыйлады. Рахат-Бидің шығармашылығына тыңдарман жоғары бағасын берген десек, артық айтқандық емес. Бүгінде жас композитордың шығармаларын әлемге белгілі музыканттары орындап жүр.

Айта кетейік, ерекше дарын иесі небәрі  13 жасында студент атанып, 17 жасында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын үздік тәмамдады. Сонымен қатар, бірнеше тілді еркін меңгерген.

Қазір оқып жатыр

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер

Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Доңға кен орнындағы көпжылдық дау реттелді: Қазақстанға өтемақы төленеді

Доңға кен орны

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол