USD
USD
USD

13 жасар Зара еуропалықтарды тәнті етті

Қазақстандық, 13 жасар Зара Даркен Еуропа теннис федерациясының жаңартылған жасөспірімдер рейтингісінде үздік 30 ойыншының қатарына кірді.

13 жасар Зара еуропалықтарды тәнті етті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Зара 14 жастан аспағандар арасында бірден 60 сатыға көтеріліп, 30-орынға жайғасты.

Мұндай секіріс жасөспірім спортшының ЕТ (Еуропа теннисі) сериясындағы турнирлерде сәтті өнер көрсетуі арқасында мүмкін болды.

Сондай жарыстардың бірінде Зара чемпион атанса, екіншісінде финалға дейін жетті. Tennis Park Open by Head додасында ол тартысты ойында украиналық Елизавета Котлярға ғана жол берді.

Зара Даркен – жасөспірімдер арасында үздік отыздыққа іліккен ең жас теннисшілердің бірі. Ол – Ақтөбе қаласындағы теннис орталығының тәрбиеленушісі.

«Болашақта мен үлкен теннис турнирлерінде жеңіске жетіп, әлемнің бірінші ракеткасы болғым келеді. Ерлерден Рафаэль Надальды, әйелдерден Анжелика Керберді пір тұтамын. Олардың ойындарын теледидардан көріп отырамын. Әрине, спортта жеңістер ғана емес, ұтылыстар, көзге жас алатын кездер де болады. Тек жақсы ойнағаныңызға сенімді болсаңыз ғана сергіп қаласыз», – дейді Зара Даркен.

Қазір оқып жатыр

Павлодарға бет алған FlyArystan ұшағы Алматыға кері қайтты: рейстің тоқтау себебі белгілі болды

әуе рейсі

Астанада кейбір тұрғын үйлерде жылу мен ыстық су уақытша өшіріледі

Астана

Тоқаев жаңа Жолдауын әзірлеп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтауды тапсырды

Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсімі