USD
USD
USD

13 жасар қыздың жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Ақмола облысында 13 жасар қыздың із-түзсіз жоғалуына байланысты «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. 

13 жасар қыздың жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, із-түзсіз кеткен жасөспірім Әйгерім Хайдарованы іздестіру жұмыстары сегіз күннен бері жүріп жатыр. «Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жасөспірімді жоғалған күні көруі мүмкін 200-ден астам куәгерден жауап алынды», - дейді ведомстводан.

Еске сала кетейік, 21 тамызда Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жоғалған қыздың анасы жүгінген. Анасының айтуынша, Әйгерім 20 тамыз сағат 15:00 шамасында Нұрлы көш ауылында тұратын үйден шығып, шаштаразға кеткен. Содан қайтып оралмаған, ұялы телефоны өшірулі, қайда екені белгісіз. Полиция қызметкерлері атап өткендей, іздестіру жұмыстарына 100-ден астам полиция, 20-дан астам құтқарушы және 30-дан астам Ұлттық гвардия 5510 әскери бөлімінің сарбазы, 350 волонтер жұмылдырылған. «Аталған іс Ақмола облыстық ПД бастығының жеке бақылауында», - деп толықтырды ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов