USD
USD
USD

13 жасар қыз қалай тұрмысқа шықты?

Атырау облысында анасы 13 жасар қызының тұрмысқа шығуына келісімін берген.

13 жасар қыз қалай тұрмысқа шықты?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы бұған дейін әлеуметтік желіде ақпарат тарады. Онда 13 жасар қыздың Қызылқоға ауданындағы Миялы ауылының 2002 жылғы тұрғынына тұрмысқа шыққаны айтылған.

«Атырау қаласында тұратын кәмелетке толмаған қыз былтырғы желтоқсаннан бері Қызылқоға ауданының жігітімен кездесе бастаған. Арада бірнеше ай өткенде отбасын құру жөнінде шешім қабылдаған. Қыздың анасы келісімн берген. Қызылқоға аудандық ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмаған қыздың анасын шақырып, жасөспірімді дәрігерлік тексеруден өткізді. Аудандық аурухана дәрігерлері 13 жасар қыздың жыныстық қатынасқа түспегенін, денесінде жарақат жоғын анықтады. Жас жұппен, олардың ата-анасымен түсіндіру жұмысы жүргізіліп, кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынасқа түсу ҚР Қылмыстық Кодексінің 122-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескерту жасалды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір 13 жасар қыз үйіне оралды. Енді ол оқуын жалғастырады.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов