USD
USD
USD

1,3 трлн теңгенің активі қайтадан экономикалық айналымға енеді

Барлық бұғатталған активтің 54 пайызы экономикамызға жұмыс істейтін болады. Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1,3 трлн теңгенің активі қайтадан экономикалық айналымға енеді
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE.  «Елдің бүкіл қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында стрестік активтердің деңгейін төмендету жөніндегі заңнамалық база қалыптасты. Осының арқасында, барлық бұғатталған активтің 54 пайызы экономикамызға жұмыс істейтін болады. 1,3 трлн теңгенің активі қайтадан экономикалық айналымға енеді. Сақтандыру нарығы, бағалы қағаздар нарығы, банк қызметі мәселелері жөніндегі заң халық үшін жаңа сақтандыру өнімдерінің пайда болуын, автомобильді сақтандыру жағдайларын реттеу тәртібін жеңілдетуді қарастырады», - деді Е. Қошанов екінші сайланған Парламенттің екінші сессиясының жұмысын қорытындылау кезінде.

Сонымен қатар ол саяси жүйені жаңғырту аясында азаматтық қоғамды, қайырымдылықты және волонтерлік қызметті дамыту мәселелерінің өзектілігі арта түскенін айтты.

«Бұл үшін заңнамалық тұрғыда стратегиялық әріптестіктің жаңа тетігі енгізілді. Коммерциялық емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру рәсімдері жеңілдетілді. Азаматтарды волонтерлік қызметке және қайырымдылыққа қатысуға ынталандыру шаралары қарастырылды», - деді Мәжіліс төрағасы.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков