USD
USD
USD

13 көшенің құрылысы жалғасуда

Шымкент қаласы аумағының солтүстік бөлігіндегі Тұран шағын ауданында барлығы 13 көшенің құрылысы жүргізілуде.

13 көшенің құрылысы жалғасуда
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов пен Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков көше құрылысын жүргізуге жұмылдырылған мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жиналыс өткізді.

Кездесуде көшелердің сапасы және тексеру барысында анықталған кемшіліктерді реттеу мәселелері талқыланды.

Биылғы жылы № 2, 6, 8, 10 - барлығы 4 көше пайдалануға берілмек.

«Отау-строй» ЖШС тарапынан № 2 жол жұмыстарының 95 пайызы аяқталса, “Строй Жол Сервис” ЖШС

№ 6 жолдың 92 пайызға жуық жұмысын аяқтаған.

Қалған 9 көше құрылысы (№1,3,4,5,7,9,11,12,13) 2022 жылға өтпелі.

М.Айманбетов мердігер мекеме басшыларына құрылысы жүріп жатқан нысандардың сапасы және жұмыстардың мерзімінде атқарылуы бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Бұл шағын аудан қазіргі кезде қаламыздың жаңа даму аймағы болып табылады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек