USD
USD
USD

139 балл алған екі абитуриенттің ҰБТ нәтижесі жойылды

ҰБТ нәтижелері ережені бұзғандықтан жойылған. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді.

139 балл алған екі абитуриенттің ҰБТ нәтижесі жойылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Достар, бүгін менде бір жағынан қуанышты, екінші жағынан өкінішті жаңалық бар. ҰБТ-2022 басталғалы бері 139 балл жинаған екі талапкер тіркелді. Сіздер ҰБТ-да өз білімдеріңізбен жоғары ұпай жинасаңыздар, біз қатты қуанамыз. Бірақ академиялық адалдық қағидаларын сақтамай, оңай тапсыру жолдарына жүгінетін талапкерлер бар. Сондықтан сіздерге қуанышты жаңалықты айтар алдында қосымша тексеріс жүргізуді жөн көрдік", - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Оның айтуынша, өкінішке қарай, талапкерлердің бейнежазбаларын қайта тексеру барысында ереже бұзу фактілері анықталды. Осыған байланысты тиісті шаралар қолданылып, тестіленушілердің ұпайы жойылды.

- Құрметті талапкерлер! Өзіңізді де, өзгелерді де алдаудың қажеті жоқ. Ең дұрысы армандарыңызға адал жолмен жетіңіздер. ҰБТ-2022-де терең білімінің арқасында 140 балл жинайтын тест тапсырушы табылады деп сенеміз. Ол дәл Сіз болуыңыз мүмкін, біз Сізді күтеміз! - деді Руслан Емелбаев

Руслан Емелбаев өзіне әлеуметтік желі арқылы жекелей байланысқа шығуға болатынын да айтады.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Қарин

Kaspi Gold енді Apple Pay-де

Kaspi

Атыраудағы Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты іс жаңа айыптармен толықтырылды

Адам ұрлау

Kaspi Gold енді Google Pay-да – Қазақстанда және шетелде төлем жасауға болады

Kaspi