USD
USD
USD

1329 адамға әкімшілік айыппұл салынды

Карантин талаптарын бұзған азаматтарға айыппұл салынды.

1329 адамға әкімшілік айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Карантин талаптарын бұзғаны үшін 1 329 қазақстандыққа әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-дағы парақшасы.

«Карантин талаптарын бұзғаны үшін жазалар туралы күнделікті жарияланып жатқанына қарамастан, қазақстандықтар өз денсаулығына және қаржысына қауіп төндіруде. 2-8 қараша аралығында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша азаматтарға 1 329 әкімшілік айыппұл салынды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, эпидемияға қарсы шаралардың ең көп бұзылуы Түркістан облысында – 237, Шығыс Қазақстан облысында-217, Алматы облысында – 106 және Ақмола облысында – 101 фактісі анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес жеке тұлғаларға 83 340 теңге (30 АЕК), лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілеріне 230-дан 1600 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Қазір оқып жатыр

Блогер Ерболат Жанабылов әйелімен ұрысқаннан кейін ұсталды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Электромобильді қуаттағанда артық ақша төлемеу үшін желтоқсаннан бастап жаңа талап енгізілмек

Электромобиль