USD
USD
USD

130 университеттің 20-сы жабылуы мүмкін

Елімізде 130 ЖОО бар, олардың саны әлі де қысқаруы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЖОО Ассоциациялар президенті Рахман Алшанов айтты. 

130 университеттің 20-сы жабылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мысалы, машина жасау мамандығына 1000 грант береді, ал керегі 200 болуы мүмкін. Бұл жерде бәрі қандай мамандық қажет екеніне байланысты. Әр саланың ерекшелігін, сұранысқа ие екенін ескере келе, 130 ЖОО-ның 15-20-сы қысқаруы немесе жабылуы мүмкін», – дейді Рахман Алшанов.

Сондай-ақ, ҚР ЖОО Ректорлар кеңесі төрағасы Ерлан Сыдықов студенттер саны қысқармайтынын айтты. «Студенттердің саны қысқармайды. Жоғары білім алғысы келетін, соған ынталы азаматтардың көп болуы еліміздің болашағы үшін маңызды. Ежелден қазақ қоғамында баласын оқытуға, оның білімін шыңдауға ынта жоғары болған. Бұл ынтаны біз пайдалануымыз керек, сондықтан бұл жерде студенттерді қысқарту мәселесі жоқ. Біз тек талапқа сай емес жоғары оқу орындарын қысқарту бойынша ұсыныстар беруіміз шарт», – дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші

Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстанның U-21 құрамасымен кездесті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы

«Мәдениет саласынан орын табар»: ІІМ орынбасары билеген полицейлерге қатысты пікір білдірді

Полиция қызметкерлері

Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Гульнара Бажкенова