USD
USD
USD

1300-ден астам алматылық әскерге шақыртылады

Көктемгі әскерге шақыру науқаны барысында Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына 18-27 жас аралығындағы 1300-ден астам алматылық шақырылатын болады, деп хабарлады BAQ.KZ.

әскер
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Алматы, NEGE. Олардың қатарында ағайынды егіздер Шынболат пен Жанболат Талғатұлы да бар. Бірге қызмет етуге шешім қабылдаған екі егіз Алматы қаласы Алатау ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына өз еріктерімен барған.

Оларды сыртқы ұқсастығынан бөлек, көп нәрсе біріктіреді деуге болады. Екеуі де таэквондомен айналысады. Бірнеше жарысқа қатысып, жеңімпаз атанған. Сонымен қатар егіздер Алматы полиграфия колледжін «Баспа машиналарының операторы» мамандығы бойынша бітірген.

Егіздерді әскер қатарына шығарып салуға туыстары мен достары көптеп жиналды.

Әскердегі қатаң талаптан қашпаймыз. Біз тәртіпке үйренгенбіз. Спортпен шұғылдана жүріп, табыстың негізі – тәртіп деген сенімге келдік, –дейді Жанболат Талғатұлы.

Қазірдің өзінде кейбір командалардың Мемлекеттік күзет қызметінің, ҰҚК Шекара қызметінің және Қарулы күштер бөлімшелерінің бір бөлігін қоса алғанда, әскерге шақырылушылармен жасақталғанын айта кету керек.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.