USD
USD
USD

12 жастан асқан балаларды вакциналау басталды

Финляндия билігі дүйсенбі күні 12-15 жас аралығындағы балаларға вакцина салуды бастады. Олар заңды өкілдерінің келісімінсіз екпе салдыра алады, деп хабарлайды ТТ агенттігі.

12 жастан асқан балаларды вакциналау басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін хабарланғандай, елдің әлеуметтік істер және денсаулық сақтау министрлігі 12 жастан асқандарға салуға рұқсат еткен Pfizer және Moderna компанияларының вакцинасын қолданады.

Вакциналау мектептерде жүргізілуі мүмкін.

«Екпе егетін маман кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің жасы мен даму деңгейін есепке ала отырып, вакцина салу туралы шешім қабылдаса ғана вакцина салдыра алады», - деп түсіндірді министрліктен.

Финляндияда ауру жұқтырғандар саны мамыр-маусым айында азайып, шілдеде қайта өскен. Пандемия кезінде ауырғандардың жалпы саны 112 мыңнан асты.

Қазір оқып жатыр

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика